Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

16.02.2025

Максим Самородов «Ақтөбеге» қарсы ойнайды

Максим Самородов «Ақтөбеге» қарсы ойнайды

Фото: «Ахмат» ФК

Қазақстандық Максим Самородов доп тебетін «Ахмат» клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында кімдермен кездесетінін хабарлады.

«Ахмат» 17 ақпан күні «Ақтөбемен» матч өткізеді. Одан бөлек клуб ресейлік «Динамо Махачкала» мен «Балтика» және өзбекстандық «Согдиана» ұжымымен шеберлік байқасуды жоспарлап отыр.
Самородов ақтөбелік клубтың намысын 2019-2024 жылдар аралығында қорғаған болатын.

Айта кетейік, грозныйлық клуб Ресей премьер-лигасының 18 турынан кейін 13 ұпай жинап, он бесінші орында келеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»