17.02.2025
WTA рейтингі жаңартылды: Қазақстандық теннисшілердің орны қандай?

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) теннисшілер рейтингін жаңартты.
Жаңартылған рейтингтегі қазақстандық ракетка шеберлерінің орындары:
- 7. Елена Рыбакина – 4.153
- 23 (-3). Юлия Путинцева – 2.148
- 319 (-1). Жібек Құламбаева – 201
- 336. Зарина Дияс – 189
- 637 (+1). Соня Жиенбаева – 60
- 891 (+3). Сандуғаш Кенжебаева – 26.
- 899 (+2). Анна Данилина – 25.
- 930 (+1). Аружан Сағындықова – 24.
- 1081 (+2). Гозаль Айнитдинова – 14
WTA нұсқасы бойынша әйелдер арасындағы әлемнің бірінші ракеткасы — беларусьтік Арина Соболенко (8.966). Екінші орынға Польша теннисшісі Ига Швёнтек (8.160) орныққан, ал үздік үштікті америкалық Кори Гауфф (6.538) түйіндеп тұр.
