2 күн бұрын
Александр Бублик АТР 500 турнирін алғашқы кезеңнен аяқтады

Фото: Sarah Reed/Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан АТР 500 турнирінің алғашқы айналымынан әрі аса алмады.
Жарыстың 1/16 финалында Александр Бублик (АТР: 48 орын) Андрей Рублёвқа (АТР: 10 орын) жол берді.
Қос теннисші кортта 1 сағат 12 минут уақыт өткізді. Нәтижесінде 2:0 (6:3; 6:4) есебімен ресейлік теннисші жеңіске жетті.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 3 035 960 долларды құрайды.
