18 сағат бұрын
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады

Фото: Robert Prange/Getty Images
Қазақстандық теннисші Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты.
1/2 финалда Елена (WTA: 7) 17 жасар Мирра Андрееваға (WTA: 14) есе жіберді.
Қос теннисші кортта 2 сағат 16 минут уақыт өткізді. Нәтижесінде ресейлік теннисші 1:2 есебімен (4:6; 6:4; 3:6) отандасымыздан басым түсті.
Мирра осыған дейін әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекті жарыс жолынан шығарып жіберген болатын.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 3 654 963 долларды құрайды.
