9 сағат бұрын
Елена Рыбакина 17 жасар теннисшіге жеңіліп қалды

Фото: Robert Prange/Getty Images
Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 BNP Paribas Open турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Жарыстың 1/8 финалында Елена Рыбакина (WTA: 7) 17 жасар ресейлік теннисші Мирра Андрееваға (WTA: 11) жол берді.
Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 7 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:2 (1:6; 2:6) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды.
