9 сағат бұрын
Александр Шевченко Челленджер турнирінде жеңіліс тапты

Фото: R. Hipolito/Europa Press via Getty Images
Қазақстандық тенннисші Александр Шевченко АҚШ-тың Финикс Челленджер сериясының алғашқы айналымынан әрі аса алмады.
Жарыстың 1/16 финалында Александр Шевченко (АТР: 98) америкалық теннисші Солтон Смитке (АТР: 261) жол берді.
Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:2 (1:6; 5:7) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.
