5 сағат бұрын
Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымына өтті

Фото: Sue McKay/Getty Images
Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Финикс қаласында өтіп жатқан Arizona Tennis Classic АТР Challenger турнирінің 1/8 финалына шықты.
Жарыстың 1/16 финалында Александр Бублик (АТР: 82) аустралиялық теннисші Александар Вукичті (АТР: 64) тізе бүктірді.
Қос теннисші кортта 1 сағат 34 минут уақыт өткізді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:1 (6:3; 3:6; 6:3) есебімен басым түсті.
Енді Бублик келесі кезеңде аустралиялық теннисші Ринки Хиджикатамен ширек финал жолдамасын сарапқа салады. Аталған кездесу бүгін, 13 наурыз сағат 23:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.
