8 сағат бұрын
Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Фото: Sarah Reed/Getty Images
Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы АҚШ-тың Финикс қаласында өтіп жатқан Arizona Tennis Classic ATP Challenger турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың 1/4 финалында Александр Бублик (АТР: 82) франциялық теннисші Корентен Мутені (АТР: 79) тізе бүктірді.
Қос теннисші арасындағы кездесу 2 сағат 27 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:1 (2:6; 7:6; 7:5) есебімен басым түсті.
Енді Бублик финалға шығу үшін турнирдің бірінші ракеткасы португалиялық Нуно Боргесті (АТР: 36) жеңу керек. Аталған ойын бүгін, 15 наурыз сағат 01:30-ға жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.
