4 сағат бұрын
Джек Дрейпер «Мастерс» турнирінде топ жарды

Фото: ATP
Ұлыбританиялық теннисші Джек Дрейпер АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан BNP Paribas Open АТР 1000 турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалдық ойында Джек Дрейпер (АТР: 14) даниялық Хольгер Рунені (АТР: 13) 2:0 (6:2; 6:2) есебімен тізе бүктірді.
Бұл теннисшінің мансабындағы үшінші титулы. Осы жетістігі үшін Дрейпер жаңартылған рейтингте бірден 7-орынға көтеріледі.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 9 693 540 долларды құрады.
