4 сағат бұрын
17 жасар Мирра Андреева Индиан-Уэллс төрінде сенсация жасады

Фото: WTA
Ресейлік теннисші Мирра Андреева АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 BNP Paribas Open турнирінің жеңімпазы атанды.
17 жасар Мирра (WTA: 11) финалдық ойында әлемнің бірінші ракеткасы, отандасы Арина Соболенконы 2:1 (2:6; 6:4; 6:3) есебімен жеңіп, айтулы турнирде топ жарды.
Осы жетістігі үшін Мирра жаңартылған рейтингте бірден 6-орынға көтеріледі.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 8 963 700 долларды құрады.
