4 сағат бұрын
Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атана алмады

Фото: arizonatennisclassic
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Финикс қаласында өткен Arizona Tennis Classic ATP Challenger турнирінің финалында жеңіліс тапты.
Александр Бублик (АТР: 82) чемпиондық атақ үшін өткен матчта 18 жасар бразилиялық теннисші Жуан Фонсекаға (АТР: 80) жол берді.
Кездесу 1 сағат 46 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:2 (6:7; 6:7) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрады.
