4 сағат бұрын
Александр Шевченко АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан «Мастерс» турниріне іріктеу кезеңінің финалына шықты.
Жарыстың алғашқы айналымында Шевченко (АТР: 98) словениялық теннисші Лукаш Клейнді (АТР: 166) тізе бүктірді.
Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 33 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:3; 7:6) есебімен басым түсті.
Енді Александр жарыстың негізгі кезеңіне шығу үшін аргентиналық теннисші Тьяго Тирантені (АТР: 117) жеңу керек. Аталған матч бүгін, 18 наурыз сағат 20:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 9 693 540 долларды құрайды.
