23.03.2025
Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирде жеңіліп қалды

Фото: VCG/Contributor/Visual China Group/Getty Images
Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан Miami Open WTA 1000 турнирінің алғашқы айналымынан әрі аса алмады.
Ресейлік Ирина Хромачёвамен жұп құрған отандасымыз жарыстың 1/32 финалында жергілікті америкалық теннисшілерден құралған Эшлин Крюгер/Джессика Пегула ұжымына жол берді.
Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Нәтижесінде Данилина бастаған команда қарсыласына 1:2 (6:2; 3:6; 7:10) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды.
