24.03.2025
Елена Рыбакина рейтингте төмендеп кетті

Фото: championat.com
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өткен WTA 1000 турнирінде сәтсіз ойын көрсетті.
Ол алғашқы айналымда жеңіліп қалды. Салдарынан әлемдік рейтингте оныншы сатыға төмендеп кетті. Елена қазірге дейін ол сегізінші орында тұрақтап тұрған еді.
Соңғы уақытта оның нәтижесі төмендеп кетті. Беделді турнирлердің ешқайсысында жеңіс тұғырынан немесе жүлделі орыннан көріне алған жоқ.
1999 жылы Ресейде дүниеге келген Елена Рыбакина 2018 жылдан бері Қазақстан намысын қорғап келеді.
