6 күн бұрын
Кирилл Герасименко – Қазақстанның абсолютті чемпионы

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Қазақстандық Кирилл Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен еліміздің абсолютті чемпионы атанды.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, ол ел чемпионатында үш алтын медаль иеленді. Аралас жұпта Зәуреш Ақашевамен бірге жеңіске жетсе, ерлер жұбында Қадырәлі Қабдылуахитовпен екеуі топ жарды.
Ал жекелей сында финалда Алан Құрманғалиевтен басым түсіп, чемпиондық тұғырға көтерілді.
Үш бағдарлама бойынша үздік атанған Кирилл Герасименко 2025 жылғы ел чемпионатының абсолютті жеңімпазы атанды.
