3 күн бұрын
Тимофей Скатов Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Испанияның Жирона қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің ширек финалына сүрінбей өтті.
Жарыстың 1/8 финалында Тимофей Скатов (АТР: 175) молдовалық теннисші Раду Алботты (АТР: 189) тізе бүктірді.
Қос теннисші арасындағы тартысты кездесу 3 сағат 37 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:1 (6:4; 3:6; 7:6) есебімен басым түсті.
Енді Тимофей келесі кезеңде сербиялық теннисші Душан Лайовичпен (АТР: 108) жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Аталған кездесу ертең, 27 наурыз сағат 14:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 145,250 еуроны құрайды.
