2 күн бұрын

Мексикадағы сенсация: Қазақстандық теннисші Челленджер турнирінде топ жарды

Мексикадағы сенсация: Қазақстандық теннисші Челленджер турнирінде топ жарды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Морелия қаласында өткен ATP Challenger 125 турнирінің жеңімазы атанды.

Жарыс барысында Теренс Атман (АТР: 179), Адриан Маннарино (АТР: 144), Тьяго Тиранте (АТР: 111) және Уго Гренье (АТР: 182) сынды теннисшілерді жолдан тайдырған әлемнің 175-ші ракеткасы қазақстандық Дмитрий Попко турнирдің басты сенсациясына айналды.

Попко чемпиондық сарапқа салынған матчта турнирдің бірінші ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортты (АТР: 89) тізе бүктірді.

1 сағат 47 минутқа созылған финалдық кездесуде отандасымыз камбэк жасап, қарсыласын 2:1 (1:6; 6:2; 6:4) есебімен жеңіп шықты. Попко ақтық матчта 8 эйс пен 3 брейк жасап, қос қателікке еш бой алдырмады.

Бұл 28 жасар теннисшінің мансабындағы жеңген екінші Челленджер турнирі. Бұған дейін ол 2021 жылы Португалияның Лиссабон қаласында өткен додада қарсылас шақ келтірмеген. Ал ITF санатында Попконың еншісінде жалпы саны 26 титул бар.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры 200 мың долларды құрады.

Әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі жарияланды

Хоккей 4 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының ойын кестесі жарияланды

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

Бокс 4 сағат бұрын

World Boxing: Даниял Сапарбай жартылай финалға шықты

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Латвиядан жеңілді

Футбол 9 сағат бұрын

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Латвиядан жеңілді

Наурыз айының ең үздік жекпе-жегі белгілі болды

ММА/UFC 9 сағат бұрын

Наурыз айының ең үздік жекпе-жегі белгілі болды

Елдос Сметов: Ағылшын тілін үйрену қиынға соғып жатыр

Дзюдо 11 сағат бұрын

Елдос Сметов: Ағылшын тілін үйрену қиынға соғып жатыр

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі белгілі болды

Хоккей 11 сағат бұрын

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасының ойындар кестесі белгілі болды