01.04.2025
Елена Рыбакина: Қазақстан атынан өнер көрсету - мен үшін үлкен мәртебе
2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің 10-ракеткасы, теннисші Елена Рыбакина Қазақстан атынан әлемдік аренада өнер көрсету үлкен мәртебе екенін мойындады, деп хабарлайды Sport12.kz
— Қазақстанда теннис онша танымал болмады. Бірақ мен Уимблдонды жеңгеннен кейін, көптеген адамдар бұл спорт түріне қызыға бастады. Кейін елге келгенімде, тенниспен айналысып жүрген балалардың көп екенін көрдім. Ал бірнеше жыл өткен соң, Қазақстан теннис федерациясы тенниске деген қызығушылық танытқан балалардың санының артқанын айтты. Бұл шын мәнінде керемет дүние.
Мен жыл бойы қай жерде жүрсем де, үлкен қолдауды сезінемін. Турнирлерде Қазақстан туын ұстаған жанкүйерлерді көремін. Бұл ғажап сезім.
Мен алғашқы Олимпиадамда төртінші орын алдым. Бірақ әр раундта маған көрсетілген қолдау орасан зор болды. Осындай қолдауды сезіну мен үшін таңғаларлық, – деді Рыбакина YouTube-тегі Tennis Insider Club арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, 2018 жылдың маусымында Елена Рыбакина Ресейден Қазақстанға ауысқан еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов