1 күн бұрын

Дмитрий Попко Челленджер турниріндегі жеңісі үшін қанша сыйақы алды?

Дмитрий Попко Челленджер турниріндегі жеңісі үшін қанша сыйақы алды?

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Морелия қаласында өткен ATP Challenger 125 турнирінде топ жарды.

Жарыс барысында Теренс Атман (АТР: 179), Адриан Маннарино (АТР: 144), Тьяго Тиранте (АТР: 111) және Уго Гренье (АТР: 182) сынды теннисшілерді жолдан тайдырған Попко финалдық кездесуде турнирдің бірінші ракеткасы аустралиялық Джеймс Даквортты 2:1 (1:6; 6:2; 6:4) есебімен жеңді.

Попко бұл жеңісі үшін 125 рейтингтік ұпай мен 28.400 доллар сыйақыға ие болды. Сонымен қатар, отандасымыз әлемдік рейтингте 175-ші сатыға жоғарылады. Ал доданың жалпы жүлде қоры 200.000 долларды құрады.

Айта кетейік, бұл 28 жасар теннисшінің мансабындағы жеңген екінші Челленджер турнирі. Бұған дейін ол 2021 жылы Португалияның Лиссабон қаласында өткен додада қарсылас шақ келтірмеген еді. Ал ITF санатында Попконың еншісінде жалпы саны 26 титул бар.

ISU рейтингі жаңарды: Михаил Шайдоров үздік үштіктің қатарында

Басқа 1 сағат бұрын

ISU рейтингі жаңарды: Михаил Шайдоров үздік үштіктің қатарында

Қазақстандық футболшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Футбол 2 сағат бұрын

Қазақстандық футболшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

«Астана» – «Ордабасы» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді

Футбол 2 сағат бұрын

«Астана» – «Ордабасы» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді

Top Rank Жәнібек Әлімханұлын туған күнімен құттықтады

Бокс 2 сағат бұрын

Top Rank Жәнібек Әлімханұлын туған күнімен құттықтады

Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен баспасөз жиыны өтеді

Бокс 2 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен баспасөз жиыны өтеді

2026 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы қалай?

Басқа 3 сағат бұрын

2026 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы қалай?