6 күн бұрын
Дмитрий Попко Мексикадағы доданың ширек финалына шықты

Фото: Will Russell/Getty Images
Қазақстандық теннисші Мексиканың Морелос қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің үшінші айналымына сүрінбей өтті.
Жарыстың 1/8 финалында Дмитрий Попко (АТР: 175) неміс теннисшісі Макс Вискандты (АТР: 497) қапы қалдырды.
Қос теннисші арасындағы тартысты кездесу 2 сағат 51 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Попко 10 эйс жасап, 8 брейк-поинттың 3-еуін іске асырды. Сондай-ақ матч кезінде 9 мәрте қос қателікке жол берді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:1 (7:5; 6:7; 7:6) есебімен басым түсті.
Енді Дмитрий келесі кезеңде аргентиналық ракетка шебері Хуан Пабло Фиковичпен (АТР: 155) жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Бұл кездесу бүгін, 4 сәуір түнгі сағат 02:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 100 мың долларды құрайды.
