04.04.2025

Қазақстандық жас теннисшілері әлем чемпионатының іріктеуінің ширек финалына шықты 

Қазақстандық жас теннисшілері әлем чемпионатының іріктеуінің ширек финалына шықты 

Фото: Қазақстан теннис федерациясы


Қазақстан құрамасы 14 жасқа дейінгі әлем чемпионатының іріктеуінің ширек финалына жолдама алды.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Кучингте (Малайзия) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының Азия/Океания аймағындағы іріктеу кезеңінің топтық кезеңі аяқталды.

Қазақстандық теннисшілер D тобында Өзбекстан (3:0) және Иранды (3:0) сенімді түрде жеңіп, бүгін әлемнің ең мықты құрамаларының бірі – Австралияны 2:1 есебімен ұтты.

Марат Шариповтың шәкірттері топтан бірінші орынмен шығып, 5 сәуірде ширек финалда Оңтүстік Кореямен кездеседі.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас