8 сағат бұрын
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына дайындықты бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Брисбенде (Австраллия) әлем чемпионатына жолдама алу үшін маңызды ойындарға дайындықты бастады.
Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.
Алда Аустралия мен Колумбия құрамаларымен кездесулер бар. Олардың арасынан тек бір құрамаға келесі кезеңге жолдама алады.
«Мақсатымыз – ең жоғары нәтиже, бар күшімізді салып дайындалудамыз. Аустралия мен Колумбияға қарсы ойындар оңай болмайды, бірақ біз барлық сынақтарға дайынбыз», - деді қазақстандық теннисші Анна Данилина.
