10.04.2025

Билли Джин Кинг кубогы: Елена Рыбакина сенімді түрде жеңіске жетті

Билли Джин Кинг кубогы: Елена Рыбакина сенімді түрде жеңіске жетті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогына іріктеу кезеңінде жеңіске жетті.

Елена Рыбакина (WTA: 10) турнирде жергілікті ракетка шебері Кимберли Биррелмен (WTA: 61) кездесті.

Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 7 эйс пен 4 брейк жасап, 1 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:3; 7:6) есебімен басым түсті.

Осылайша Қазақстан – Аустралия кездесуінде ел құрамасы 2:0 есебімен алға шықты. Бұған дейін тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева (WTA: 23) Майя Джойнтті (WTA: 78) тізе бүктірген еді.

Енді Анна Данилина мен Жібек Құламбаева ел намысын жұптық сында қорғайды.

Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралады?

Бокс 31 минут бұрын

Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралады?

Бір ойында - тоғыз гол: «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасы 1/2 финалына шықты

Футбол 45 минут бұрын

Бір ойында - тоғыз гол: «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасы 1/2 финалына шықты

Хасанбой Дусматов Ресейдегі турнирді жалғастырудан бас тартты

Бокс 56 минут бұрын

Хасанбой Дусматов Ресейдегі турнирді жалғастырудан бас тартты

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Австриядан жеңілді

Хоккей 1 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Австриядан жеңілді

Сағатына - 174 шақырым жылдамдық: Журналист боксшылардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты 

Бокс 1 сағат бұрын

Сағатына - 174 шақырым жылдамдық: Журналист боксшылардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтты 

«Челси» еурокубокта сенсациялық жеңіліске ұшырады

Футбол 1 сағат бұрын

«Челси» еурокубокта сенсациялық жеңіліске ұшырады