10.04.2025

Билли Джин Кинг кубогы: Теннисшілеріміз Аустралиядан басым түсті

Билли Джин Кинг кубогы: Теннисшілеріміз Аустралиядан басым түсті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогына іріктеу кезеңі аясынлағы алғашқы матчта Аустралия құрамасын тізе бүктірді.

D тобында сынға түсіп жатқан қазақстандық ракетка шеберлері Аустралияның Брисбен қаласында өткен кездесуде жергілікті теннисшілерді 2:1 есебімен жеңді.

Ел құрамасына алғашқы жеңісті Юлия Путинцева (WTA: 23) сыйлады. Путинцева 2 сағат 15 минутқа созылған кездесуде Майя Джойнттен (WTA: 78) 2:0 (6:2; 6:1) есебімен басым түсті.

Путинцева бастаған жеңісті жолды еліміздің нөмір бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA: 10) жалғастырды. Кимберли Биррелмен (WTA: 61) кортқа шыққан Рыбакина 1 сағат 28 минутта қарсыласын 2:0 (6:3; 7:6) есебімен сан соқтырды.

Жұптық сында ел намысын қорғаған Жібек Құламбаева мен Анна Данилина өкінішке орай, Сторм Хантер/Эллен Перес ұжымына 0:2 (3:6; 4;6) нәтижесімен есе жіберді.

Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы Аустралияға қарсы текетіресте 2:1 есебімен жеңіске қол жеткізді.

Енді отандастарымыз ертең, 11 сәуір күні Колумбия теннисшілерімен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, турнирдегі алты іріктеу тобынан бірінші орынмен шыққан алты бірдей ұжым әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Әр топта 2-3 орын алған құрамалар аймақтық топтық додалардың үздік командаларымен бірге плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

Сәкен Бибосынов жарақатынан кейін Ресейдегі турнирдің финалына шықты

Бокс 43 минут бұрын

Сәкен Бибосынов жарақатынан кейін Ресейдегі турнирдің финалына шықты

Ресейдегі турнирде Ұлдана Таубай финалға шықты

Бокс 55 минут бұрын

Ресейдегі турнирде Ұлдана Таубай финалға шықты

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қақпашысы кім болады?

Хоккей 1 сағат бұрын

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қақпашысы кім болады?

 Елдос Сметов Азия чемпионатына қатыспайды

Дзюдо 1 сағат бұрын

 Елдос Сметов Азия чемпионатына қатыспайды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму турнирінде ресеймен кездеседі

Футбол 1 сағат бұрын

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму турнирінде ресеймен кездеседі

Коротков турнирі: Жартылай финалда тоғыз боксшымыз жұдырықтасады

Бокс 2 сағат бұрын

Коротков турнирі: Жартылай финалда тоғыз боксшымыз жұдырықтасады