1 күн бұрын
Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің жартылай финалында ойнайды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испания астанасы Мадрид қаласында өтіп жатқан ITF W1000 сериясының жартылай финалына жолдама алды.
Жұптық сында италиялық Николь Фосса Уэргомен бірге бақ сынаған Жібек Құламбаева жарыстың екінші айналымында Элени Христофи (Грекия)/Элизабет Мандлик (АҚШ) тандемін тізе бүктірді.
Кездесу 1 сағат 29 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз бастаған ұжым қарсыласынан 2:0 (6:3; 7:5) есебімен басым түсті.
Енді Жібек пен Николь жартылай финалда Иннес Иббоу (Алжир)/Бибиана Схоофс (Нидерланд) жұбына қарсы матч өткізеді.
