2 сағат бұрын
Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирде топ жарды

Фото: instagram/grandprixmadrid
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Испания астанасы Мадрид қаласында өткен ITF W1000 санатындағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды.
Жұптық сында италиялық Николь Фосса Уэргомен бірге бақ сынаған Жібек Құламбаева доданың финалдық матчында жарыс қожайындары Марина Бассольс/Андреа Лазаро Гарсия тандемін тізе бүктірді.
Кездесу 2 сағат 18 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз бастаған ұжым қарсыласынан 2:1 (7:6; 6:7; 10:4) есебімен басым түсті.
Финалға жету жолында Құламбаева мен Уэрго Тена Лукаш (Хорватия)/Андрея Присакариу (Румыния), Элени Христофи (Грекия)/Элизабет Мандлик (АҚШ) және Иннес Иббоу (Алжир)/Бибиана Схоофс (Нидерланд) командаларын жарыс жолынан шығарып жіберген еді.
Бұл 25 жастағы Құламбаеваның мансабындағы 38-ші титулы. Осыған дейін ITF санатындағы жұптық турнирде 33 рет чемпион атанса, жекелей сында 5 мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінген. Ал Уэргомен жұптасы жеңген 5-ші титулы.
