47 минут бұрын
ATP Challenger 50: Скатов кортқа шықпай-ақ ширек финалист атанды

Фото: ATP
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италия астанасы Рим қаласында өтіп жатқан ATP Challenger 50 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тимофей 1/8 финалда италиялық қарсыласы Стефано Травальяның (АТР: 287) келмеуіне байланысты автоматты түрде келесі кезеңге өтті.
Енді отандасымыз жартылай финал жолдамасын аустриялық теннисші Лукас Ноймайермен (АТР: 191) сарапқа салады.
Айта кетейік, 27 сәуірге дейін жалғасатын дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 54 мың еуроны құрайды.
