8 минут бұрын
Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасы Жапониядағы турнирде сәтсіздікке ұшырады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бұрынғы бірінші ракеткасы Зарина Дияс Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан ITF W 100 турнирінің алғашқы айналымынан әрі аса алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/16 финалында Зарина Дияс (WTA: 326) ұлыбританиялық теннисші Хитер Уотсонға (WTA: 192) жол берді.
Қос теннисші арасындағы хард кордта өткен кездесу бар болғаны 54 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:2 (2:6; 0:6) есебімен ойсырай жеңілді.
Айта кетейік, 27 сәуірге дейін жалғасатын дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 100 мың долларды құрайды.
