5 сағат бұрын
Денис Евсеев Португалиядағы турнирдің финалына шықты

Фото: Pedro Salado/Getty Images
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Португалияның Эшторил қаласында өтетін Millennium Estoril Open ATP Challenger турниріне іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың жартылай финалында Денис Евсеев (АТР: 258) үндістандық теннисші Манас Дамнені (АТР: 760) тізе бүктірді.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 4 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Евсеев 4 эйс пен 5 брейк жасап, қос қателікке еш бой алдырмады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:0; 6:3) есебімен басым түсті.
Енді Денис Евсеев турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін италиялық Джованни Фонионы (АТР: 372) жеңу керек.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 227 мың еуроны құрайды.
