6 сағат бұрын
Александр Бублик Мадридтегі турнирде өткен жылғы чемпионды ұтты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші, әлемнің 75-ракеткасы Александр Бублик Мадрид (Испания) мастерс турнирінің төртінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 8-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен бақ сынасты. Теннисшілердің екеуі де 27-де, олар жасөспірім кезінен бір-бірін жақсы біледі. Бірінші партияда Бублик шеберлік танытты — 6:4. Екіншісінде Рублев артығымен есе қайырды — 6:0. Шешуші, үшінші сетті қазақстандық спортшы жеңіспен түйіндеді — 6:4.
Александр Бублик ширек финалға шығу үшін америкалық, әлемдік рейтингіде 23-орындағы чехиялық Якуб Меншикпен кездеседі.
