6 сағат бұрын
Сәтті жорық тәмам: Александр Бублик Мадридтегі турнирде жеңіліп қалды

Фото: GoTennis
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Испания астанасы Мадрид қаласында өтіп жатқан Mutua Madrid Open ATP Masters 1000 турнирінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/8 финалында Бублик (АТР: 75) 19 жастағы чехиялық теннисші Якуб Меншикке (АТР: 23) жол берді.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу бар болғаны 57 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 4 эйс пен 0 брейк жасап, 1 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:2 (3:6; 2:6) есебімен есе жіберді.
Осыған дейін жарыс барысында еліміздің үздік теннисшісі америкалық Алекс Микельсен (2:0), аустралиялық Алексей Попырин (2:0) және ресейлік Андрей Рублев (2:1) сынды шоқтығы биік ракетка шеберлерін тізе бүктірген еді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 8 055 385 долларды құрайды. Ал Бублик төртінші айналымға дейін жеткені үшін 100 рейтингтік ұпай мен 90 445 еуро сыйақыға ие болды.
