16 сағат бұрын
Елена Рыбакина бақ сынайтын келесі турнир анықталды

Фото: Andy Cheng/Getty Images
Қазақстанның бірінші, əлемнің он бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қатысатын турнир белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Еліміздің үздік теннисшісі Италия астанасы Римде 5-18 мамыр аралығында өтетін Internazionali BNL d'Italia WTA 1000 турнирінде сынға түсетін теннисшілер тізіміне енді.
Аталған жарыстың жеңімпазы 877 390 еуро мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Айта кетейік, Римдегі корт Рыбакина үшін таңсық емес. Елена бұл қалада 2023 жылы топ жарған еді.
