7 сағат бұрын

Астана алғаш рет теннистен Virtus әлем чемпионатын қабылдады

Астана алғаш рет теннистен Virtus әлем чемпионатын қабылдады

Бүгін «Дәулет» МКҚК теннис орталығында теннистен Virtus әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады Sport12.kz

Қазақстан - интеллектуальды даму ерекшеліктері бар жаһандық доданы Азия құрлығынан бірінші болып қабылдаған бірінші ел атанды.

Бүгін айтулы шараның ашылуы салтанаты өтіп, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ басшысы Василий Левит, Virtus халықаралық федерациясының өкілі Лесли Вайтхэд, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев сынды тұлғалар қатысты.

«Елімізде инклюзивті теннистің дамуына көңіл бөлініп келеді. Үш жылдың ішінде Қазақстанның 8 қаласында арбадағы теннис секциясы ашылды. Қазақстан кубогы, Қазақстан чемпионаты өтіп тұрады. 2024 жылы ұлттық құрамамыз жасақталып, әлем чемпионатына қатысты. Екі теннисшіміз әлемдік рейтингте ТОП-200-ге кіріп үлгерді. Енді өз жерімізде алғаш рет жаһандық доданы қабылдау құқығына ие болып жатырмыз. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін», - деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев

Бұл бәсекеге Қазақстаннан бөлек, Бельгия, Аустралия, Польша, Италия, Ұлыбритания, Үндістан, Франция елдерінен 50-ден астам спортшы келді.

Жарыс барысында қатысушылар 5-10 мамыр аралығында үш санат бойынша (жекелей, жұптық, командалық сайыс) жүлделерді сарапқа салынады:

• II1 — жеңіл деңгейдегі ақыл-ой кемістігі бар спортшылар

• II2 — Даун синдромы бар спортшылар

• II3 — аутизм спектріндегі бұзылыстары бар спортшылар

«Бұл өзге елдің спортшыларына Қазақстанды тануға деген жақсы мүмкіндік. «Дәулет» теннис орталығы да интеллектуальды ерекшеліктері бар спортшыларға барлық жағдайды жасаған. Әлем чемпионаты арқылы Қазақстан секілді елдер теннистің дамуына үлкен үлес қосады», - деп Virtus халықаралық федерациясының өкілі Лесли Вайтхэд өз пікірін білдірді.

Айта кетейік, дәл осы «Дәулет» теннис орталығы 2021 жылы елімізде алғаш рет пара теннистен ішкі турнирді өткізген болатын.

Бұл додада Қазақстан құрамасы Астана, Алматы, Ақкөл қалаларынан 5 спортшы жасақталды.

Қазіргі сәтте Қазақстан интеллектуальды даму ерекшеліктері бар тұлғалардың арасында теннистен бөлек, баскетбол, жүзу, велоспорт, үстел теннисі, жеңіл атлетиканы дамытып келеді.

Хоккейден Қазақстан құрамасының ойын кестесі анықталды

Футбол 21 минут бұрын

Хоккейден Қазақстан құрамасының ойын кестесі анықталды

WTA-1000: Рыбакина мен Путинцева Римдегі турнирдегі қарсыластарын білді

Теннис 53 минут бұрын

WTA-1000: Рыбакина мен Путинцева Римдегі турнирдегі қарсыластарын білді

«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасынан шығуы мүмкін

Футбол 1 сағат бұрын

«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасынан шығуы мүмкін

Қазақстандық теннисші Италиядағы  жарыстың финалына шықты

Теннис 2 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші Италиядағы  жарыстың финалына шықты

Луиш Мата «Қайрат» сапында 2027 жылға дейін қалатын болды

Футбол 3 сағат бұрын

Луиш Мата «Қайрат» сапында 2027 жылға дейін қалатын болды

Жанкүйерлер қақтығысынан бір адам көз жұмды

Футбол 4 сағат бұрын

Жанкүйерлер қақтығысынан бір адам көз жұмды