6 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші Италиядағы жарыстың финалына шықты

Фото: tennismajors
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Италия астанасы Рим қаласында өтетін Internazionali BNL d'Italia ATP Masters 1000 додасына іріктеу турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Іріктеудегі алғашқы кездесуінде Шевченко (АТР: 97) аргентиналық Хуан Пабло Фиковичті (АТР: 152) тізе бүктірді.
Грунт төсеншіндегі кортта өткен қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко 2 эйс пен 4 брейк жасап, қос қателікке еш бой алдырмады. Ойын нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:4; 6:4) есебімен басым түсті.
Енді Шевченко турнирдің негізгі кезеңіне шығу үшін венгриялық Мартон Фучовичпен (АТР: 134) күш сынасады.
Айта кетейік, 7-18 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры 8 055 385 еуроны құрайды.
