4 сағат бұрын

Қазақстандық теннисші Италиядағы беделді турнирдің негізгі кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Италиядағы беделді турнирдің негізгі кезеңіне шықты

Фото: ATP

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Италия астанасы Римде өтетін Internazionali BNL d'Italia ATP Masters 1000 турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Іріктеу турнирінің финалында Шевченко (АТР: 97) венгриялық Мартон Фучовичті (АТР: 134) қапы қалдырды.

Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко 3 эйс пен 3 брейк рәсімдеп, қос қателікке еш бой алдырмады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:4; 6:2) есебімен басым түсті.

Бұған дейін ол іріктеудегі алғашқы матчында аргентиналық Хуан Пабло Фикчовичті (АТР: 152) 2:0 (6:4; 6:4) есебімен тізе бүктірген еді.

Енді теннисшіміз жалпы жүлде қоры 8 055 385 еуроны құрайтын айтулы доданың негізгі кезеңінде бақ сынайды. Байрақты бәсеке 7 мамырда басталып, 18 мамырға дейін жалғасады.

Ресей құрамасы Бразилиямен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Футбол 11 секунд бұрын

Ресей құрамасы Бразилиямен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Қазақстан құрамасының көшбасшы футболшылары шетелде қанша табыс табады?

Футбол 1 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының көшбасшы футболшылары шетелде қанша табыс табады?

Сегіз мәрте жеңіліс: «Атырау» командасы құрбандық шалды

Футбол 2 сағат бұрын

Сегіз мәрте жеңіліс: «Атырау» командасы құрбандық шалды

Елдос Сметов болашақ ізбасарын көрсетті

Дзюдо 2 сағат бұрын

Елдос Сметов болашақ ізбасарын көрсетті

Астанадағы VIRTUS Әлем чемпионаты шеңберінде экологиялық акция ұйымдастырылды

Басқа 2 сағат бұрын

Астанадағы VIRTUS Әлем чемпионаты шеңберінде экологиялық акция ұйымдастырылды

ҚФФ  Төрешілік және қадағалау департаменті 7-турға сараптама жасады

Футбол 2 сағат бұрын

ҚФФ Төрешілік және қадағалау департаменті 7-турға сараптама жасады