07.05.2025

Юлия Путинцеваның беделді турнирдегі қарсыласы анықталды

Юлия Путинцеваның беделді турнирдегі қарсыласы анықталды

Фото: K-SWISS

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцеван Италия астанасы Римде өтетін Internazionali BNL d'Italia WTA 1000 турниріндегі алғашқы қарсыласын білді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарысты екінші айналымнан бастайтын Путинцева (WTA: 29) Рим кортындағы алғашқы ойында румыниялық Жакли Кристианмен (WTA: 74) шеберлік байқасады.

Жакли осыған дейін америкалық Алисия Парксті (WTA: 51) 2:0 (6:2; 6:0) есебімен тізе бүктірген еді.

Бұл қос теннисші арасындағы екінші кездесу болмақ. Осыған дейін Словенияның Порторож қаласында өткен WTA 1000 турнирінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:4; 6:4) есебімен басым түскен.

Айта кетейік, ашық чемпионат 6-18 мамыр аралығында өтеді. Жарыс жеңімпазы 877 390 еуро мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас