5 күн бұрын
Юлия Путинцева Италиядағы турнирде сәтсіздікке ұшырады

Фото: Andy Cheung/Getty Images
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Италия астанасы Римде өтіп жатқан Internazionali BNL d'Italia WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарысты екінші айналымнан бастаған Путинцева (WTA: 29) 1/32 финалда румыниялық Кристиан Жаклинге (WTA: 74) жол берді.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен тартысты матч 2 сағат 7 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева 1 эйс пен 2 брейк жасап, 1 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:2 (6:7; 5:7) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 6 009 593 еуроны құрайды. Ал Юлия болса, екінші кезеңде ойын көрсеткені үшін 35 рейтингтік ұпай мен 21 215 еуро сыйақыға ие болды.
