6 сағат бұрын
Зарина Дияс Жапониядағы турнирді жартылай финалдан аяқтады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирдің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/2 финалында Зарина (WTA: 318) жергілікті Химеоне Сакацумеге (WTA: 252) есе жіберді.
Хард кортта өткен 1 сағат 43 минутқа созылды. Бірінші сетті өз пайдасына жазған отандасымыз ойынды өз бақылауында ұстай алмай, қарсыластың камбэк жасауына жол беріп қойды. Нәтижесінде Зарина Сакацумеге 1:2 (7:5; 1:6; 1:6) есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 30 мың долларды құрайды.
