1 сағат бұрын
Александр Бублик Италиядағы турнирде алысқа бармады

Фото: Alexander Hassenstein/Getty Images for BMW
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Италия астанасы Римде өтіп жатқан Internazionali BNL d'Italia ATP Masters 1000 турнирінің екінші айналымынан әрі аса алмады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/32 финалында Бублик (АТР: 76) Мадридтегі турнирдің чемпионы норвегиялық Каспер Руудқа (АТР: 7) жол берді.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 58 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 15 эйс жасап, 2 брейк поинттың екеуінде рәсімдеп, 5 мәрте қос қателікке бой алдырды. Алайда, матч нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 1:2 (4:6; 6:4; 3:6) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 8 055 385 еуроны құрайды. Ал Бублик екінші айналымға дейін жеткені үшін 30 рейтингтік ұпай мен 30 895 еуроға ие болды.
