2 күн бұрын
Елена Рыбакина Италиядағы турнирде жеңіліс тапты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Италия астанасы Римде өтіп жатқан Internazionali BNL d'Italia WTA 1000 турниріндегі жорығын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/16 финалында Рыбакина (WTA: 12) канадалық Бьянка Андреескуға (WTA: 121) жол берді.
Грунт төсенішінде өткен кездесу 1 сағат 28 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Рыбакина 1 эйс пен 0 брейк жасап, 3 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:2 (2:6; 4:6) есебімен жол берді.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 8 055 385 еуроны құрайды. Ал Елена Рыбакина, үшінші кезеңге дейін сүрінбей жеткені үшін 65 рейтингтік ұпай мен 38 313 еуро сыйақыға ие болды.
