2 күн бұрын
Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстанның қарсыласы анықталды

Әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Ширек финалда Қазақстан құрамасы АҚШ командасымен жолығады. Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда Жапония мен Ұлыбритания арасындағы кездесудің мықтысымен кездеседі.
Сондай-ақ 1/4 финал кезеңінде Украина Испаниямен, ал Италия Қытаймен шеберлік байқасады.
Турнирдің финалдық кезеңі 16–21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.
