4 сағат бұрын
Юлия Путинцева Италиядағы турнирді сәтті бастады

Фото: Robert Prange / Getty Images
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Италияның Парма қаласында өтіп жатқан Parma Ladies Open WTA 125 Challenger турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарысқа басты фаворит ретінде қатысып жатқан Путинцева (WTA: 29) алғашқы айналымда жапониялық Ена Шибахараны (WTA: 139) сенімді түрде жеңді.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 19 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева 1 эйс пен 8 бірдей брейк жасап, 1 мәрте қос қателікке жол берді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:3; 6:4) есебімен басым түсті.
Енді Путинцева келесі кезеңде неміс теннисшісі Анна-Лена Фридзам (WTA: 299) мен колумбиялық Эмилиано Аранго (WTA: 97) арасында өтетін матчтың жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 115 мың долларды құрайды.
