5 сағат бұрын

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Фото: Daniel Castelo Branco / Eurasia Sport Images / Getty Images

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Францияның Бордо қаласында өтіп жатқан BNP Paribas Primrose Bordeaux ATP Challenger 175 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың 1/16 финалында Шевченко (АТР: 97) жергілікті Уго Греньені (АТР: 172) қапы қалдырды.

Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 46 минутқа ұласты. Осы уақыт ішінде Шевченко 3 эйс пен 3 брейк рәсімдеп, 2 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (7:6; 6:1) есебімен басым түсті.

Енді Шевченко келесі кезеңде америкалық Александр Ковачевич (АТР: 80) пен Франция өкілі Кальвин Эмери (АТР: 176) арасында өтетін матчтың жеңімпазымен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 227 270 еуроны құрайды.

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

ММА/UFC 3 сағат бұрын

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Басқа 4 сағат бұрын

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Дзюдо 5 сағат бұрын

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Теннис 5 сағат бұрын

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Бексұлтан Құлмырза - Пара дзюдодан әлем чемпионы

Дзюдо 5 сағат бұрын

Бексұлтан Құлмырза - Пара дзюдодан әлем чемпионы

Пара дзюдодан әлем чемпионатында Даяна Федосова қола алды

Дзюдо 5 сағат бұрын

Пара дзюдодан әлем чемпионатында Даяна Федосова қола алды