13 сағат бұрын
Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: Shi Tang / Getty Images
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан ITF W50 санатындағы турнирдің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/8 финалында Зарина (WTA: 318) жергілікті Лиза-Мария Риуды (WTA: 875) тізе бүктірді.
Хард кортта өткен кездесу 1 сағат 12 минутта тәмам болды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:1; 6:3) есебімен басым түсті.
Енді Зарина ширек финалда тағы бір жапониялық теннисші, 26 жастағы Момоко Коборимен (WTA: 199) шеберлік байқасады.
Айта кетейік, 18 мамырға дейін жалғасатын дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 40 000 долларды құрайды.
