9 сағат бұрын
Қазақстанның бірінші ракеткасы Италиядағы турнирде камбэк жасады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші ракеикасы Александр Бублик Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Piemonte Open Intesa Sanpaolo ATP Challenger 175 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/8 финалында Бублик (АТР: 76) жергілікті Федерико Арнабольдиді (АТР: 194) тізе бүктірді.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 37 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 9 эйс пен 3 брейк жасап, 3 мәрте қос қателікке бой алдырды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:1 (0:6; 6:3; 6:3) есебімен басым түсті.
Енді еліміздің үздік теннисшісі ширек финалда аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен (АТР: 51) күш сынасады.
Айта кетейік, 18 мамырға дейін жалғасатын дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 227 270 еуроны құрайды.
