13 сағат бұрын
Зарина Диас Жапониядағы турнирде жартылай финалға жолдама алды

Фото: Қазақстан ҰОК
Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Ширек финалдағы кездесуде Зарина жапониялық Момоко Кобориді жеңді. Матч 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.
Зарина Диастың келесі қарсыласы қытайлық Мэйлин Ван болмақ.
