6 сағат бұрын

Александр Бублик Италиядағы турнирде финал жолдамасына таласады

Александр Бублик Италиядағы турнирде финал жолдамасына таласады

Фото: Clive Brunskill / Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Piemonte Open Intesa Sanpaolo ATP Challenger 175 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың үшінші айналымында Бублик (АТР: 76) аргентиналық Томас Мартин Этчеверридің (АТР: 51) осал тұсын тапты.

Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 2 сағат 3 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 11 эйс пен 4 брейк жасап, 6 мәрте қос қателікке жол берді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:1 (6:2; 3:6; 7:5) есебімен басым түсті.

Енді еліміздің үздік теннисшісі финал жолдамасын Германия өкілі Даниэль Альтмайермен (АТР: 71) сарапқа салады.

Айта кетейік, 18 мамырға дейін жалғасатын дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 227 270 еуроны құрайды.

Канело – Кроуфорд жекпе-жегінің күні ауысты

Бокс 17 минут бұрын

Канело – Кроуфорд жекпе-жегінің күні ауысты

Украина футболшысы «Қайрат» клубына қарсы ойнағаны үшін сотталуы мүмкін

Футбол 48 минут бұрын

Украина футболшысы «Қайрат» клубына қарсы ойнағаны үшін сотталуы мүмкін

«Атырау» клубы легионерлерімен қоштасты

Футбол 1 сағат бұрын

«Атырау» клубы легионерлерімен қоштасты

Гимнасшы Айбота Ертайқызы - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Басқа 2 сағат бұрын

Гимнасшы Айбота Ертайқызы - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Семсерлесуден әлем кубогына кімдер қатысады?

Басқа 2 сағат бұрын

Семсерлесуден әлем кубогына кімдер қатысады?

Қазақстандық теннисшілер 2025 жылы қанша табыс тапты?

Теннис 3 сағат бұрын

Қазақстандық теннисшілер 2025 жылы қанша табыс тапты?