6 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші Болгарияда топ жарды

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының мүшесі Жәния Бекмұхамбетова Болгарияның Панагюриште қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз жарыс барысында болгарилық Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербан мен Бьянка Томуды сенімді түрде жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Айта кетейік, дүбірлі додада 13 жасқа дейінгі спортшылар өзара бақ сынады.
