8 сағат бұрын
Елена Рыбакина Франциядағы турнирді жеңіспен бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан Internationaux de Strasbourg WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/8 финалында Рыбакина (WTA: 12) қытайлық Синьюй Ванды (WTA: 42) тізе бүктірді.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 5 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 6 эйс пен 4 брейк жасап, қос қателікке еш бой алдырмады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:1; 6:3) есебімен басым түсті.
Енді Рыбакина ширек финалда польшалық Магда Линетпен (WTA: 33) күш сынасады.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды.
