10 сағат бұрын
Александр Бублик Германиядағы турнирде жеңіліс тапты

Фото: Ion Alcoba Beitia / Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан Bitpanda Hamburg Open ATP 500 турнирін алғашқы айналымнан аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/16 финалында Бублик (ATP: 51) франциялық Джованни Перрикардқа жол берді.
Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 7 эйс пен 1 брейк жасап, 2 мәрте қос қателікке бой алдырды. Алайда, матч нәтижесінде отандасымыз қарсыласына 0:2 (6:7; 4:6) есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, 24 мамырға дейін жалғасатын дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 2 158 560 еуроны құрайды.
